"Жеңіс Вальсі" Акциясы

Біздің еліміз үшін ең маңызды және салтанатты мереке-9 мамыр-Ұлы Жеңіс күні. Бүгін, 5 мамырда біздің мектептің ауласында балалар қаза тапқан жауынгерлерді, Отан үшін соғысқандарды еске алу үшін "Жеңіс вальсі" би акциясына қосылды. Бүгін біз аталарымызды, арғы аталарымызды, бізге бейбіт аспан сыйлағандардың барлығын еске аламыз. Оқушылар мен педагогтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.